Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 10:22, 18 апрель 2025
Жаналықтар

ШҚО-да «Ардағым-ардагерім» акциясы өтеді

Шығысқазақстандық еріктілер биыл басты назарды Ұлы Жеңістің 80 жылдығына қояды. Бұл туралы ШҚО Ішкі саясат басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ директоры, облыстық фронт-офис жетекшісі Айдос Әділбеков айтып берді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Қазіргі күні облыс аумағында 37 үкіметтік емес ұйым, 13 бастамашыл топ және 2 мыңнан астам ерікті жұмыс істейді.

Өткен 2024 жылы 5,2 мыңнан астам адамның қатысуымен 685 волонтерлік іс-шара ұйымдастырылған. Сондай-ақ Глубокое және Зайсан аудандарында волонтерлік бастамаларды қолдау мақсатында жалпы сомасы 3,5 миллион теңгеге жуық әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды.

Ағымдағы жылы жұмыстар волонтерлікті дамыту және қолдау жөніндегі Жол картасы бойынша жалғасады. Биыл Ұлы Жеңістің  80 жылдығына орай «Ардағым-ардагерім» атты әлеуметтік акция жыл көлемінде өтеді. Қазақстан халық ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай түрлі іс-шаралар жоспарлап отырмыз, - деді Айдос Әділбеков.

Сондай-ақ «Таза Қазақстан», «Таза ойындар» акциясы, «Экосақшы» жобасы және «Жақсылық» марафондары жалғасады.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде