admin
Жарияланды: 15:19, 19 сентябрь 2024
Басты / Айтпайын десең... / АЙДАРЛАР

Көшпенділер ойындарынан түскен пайда жұмсалған қаражаттан 20 есе аз

Көшпенділер ойындары еліміздің бюджетіне 300 миллион теңге көлемінде пайда әкелді.  Бұл ойындарды ұйымдастыруға кеткен шығыннан 20 есе аз.

Көшпенділер ойынын өткізуге 5,7 млрд теңге кетті. Әр қатысушыға 1,8 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалған екен, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Туризм және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, ойындарды 250 000 көрермен тамашалаған. Шетелдік қонақтардың жалпы шығыны 7,5 млрд теңгені құрады. Ал елдің бюджетіне олар $625, яғни 300 млн теңге пайда әкеліп отыр. 

Қыркүйектің 1-13 аралығында елімізде 597 мың шетелдік турист қонақ болып қайтқан. 

  - Шетелдік қонақтар негізінен Қытай, Үндістан, Түркия, Германия және АҚШ елдерінен келді. Мысалы, Қытайдан 33 мың, Үндістаннан – 6 мың, Германиядан – 4 мыңнан астам, АҚШ-тан – 2 мыңға жуық турист келді. Бұл көрсеткіштер Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді, - деді туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Сондай-ақ  Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Моңғолия және Ұлыбританиядан да біршама турист келген.

Фото: Ақорда

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)