F16.KZ
Жарияланды: 11:46, 09 апрель 2025
Жаналықтар / Басты

Өскемендегі гематология орталығының құрылысы биыл аяқталады

Облыс орталығында салынып жатқан гематология орталығының құрлысы биыл аяқталады. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов облыстық мәслихаттың кезекті XX сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Биыл өңірде бірқатар медициналық жобаны іске асырып, үш нысанның құрлысын аяқтау жоспарланған.

Өскемендегі гематология орталығының, Риддер қаласындағы 500 адамға арналған аурухананың және Ұлан ауданындағы 150 адамдық емхананың құрылысы биыл аяқталады, - деді облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, гематология орталығының құрлысы 2022 жылы басталған. Қазір нысанның шатыры, қасбеті, терезе блоктары дайындалып, сыртқы инженерлік желілері тартылған, ал ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. 

Өңір басшысы былтыр атқарылған бірнеше жобаға тоқталды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 18 нысан салынып, алты жобаға жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ шетелге біліктілігін арттыруға 44 медицина маманы жіберіліп, 456 медициналық құрылғы сатып алынды, - деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

Фото: primeminister.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Жолда қалған жоба: Глубокое тұрғындары қазандықтың қызығын көре ме?
07.10.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Журналист жол үстінде / Глубокое
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде