Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 12:47, 09 апрель 2025
Жаналықтар / Білім мен ілім / Басты

ШҚО-да биыл 13 мектеп бой көтереді

Биыл ШҚО-да 13 білім ордасы салынбақ. Оның ішінде 2 мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтереді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Айта кетейік, өткен жылы 4100 оқушыға арналған 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, 7 мектеп қолданысқа берілген болатын. 

-    Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Глубокое ауданында 300 орындық және Өскеменде 600 орындық мектеп салынады. Сонымен қатар Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде, Риддер қаласында және офттейік-келісімшарт бойынша Зайсан ауданында 2, Тарбағатайда 2, Самарда 1, Күршім ауданында 2 және Марқакөлде 2 білім нысаны бой көтереді, - деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстық мәслихаттың кезекті XX сессиясында.

Сонымен қатар Жұмысшы мамандықтар жылына орай 10-11сыныптың 149 оқушысы мектеппен қатар 4 колледжіде басым бағыттар бойынша білім алмақ. 

-    9 мемлекеттік колледжге жаңа мамандар даярлау үшін 530 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат заманауи техника мен жабдықтар сатып алуға жұмсалады, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Фото: F16.kz/жасанды интеллект

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде