F16.KZ
Жарияланды: 10:36, 11 апрель 2025
Жаналықтар / Басты / Глубокое / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең...

Глубокое кентінде кәріз суы аулаға жайылып, тұрғындар тұншығып отыр

Глубокое кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің кәріз құбыры бітеліп, сарқын су аулаға жайылды. Жергілікті жұрт бұл проблеманың талай жылдан бері шешімін таппай келе жатқанын айтады. F16.kz редакциясы мәселенің мән-жайын анықтауға тырысты.

Попович көшесіндегі 48-ші тұрғын үйдің ауласында орнатылған кәріз құдығы аузы-мұрнынан шығып көлкіп тұр. Қолқаны қабар жағымсыз иіс бүкіл төңірекке жайылған. “Жаз айларында тіпті қиын, мүңкіген иіс үйдің ішіне дейін кіріп кетеді” дейді жұрт.

2017 жылдан бері кәріз құбырымен алысып келеміз. Айына үш-төрт рет толады, сарқын судың сасық иісінен демалу мүмкін емес. Бұл жағдайды аудан әкімі де біледі. Бірақ мәселе шешілген жоқ. Қашанғы аңдып отырамыз кәрізді. Тазалайтындар келді, құбырдан үнемі бөгде заттар шығады. Өзімізге жеке кәріз құдығын тартып берсе, – деді көпқабатты үйдің тұрғындары.

Кәріз құдығына толып кеткен сарқын суды адамдар ернеуін жырып, төмен қарай ағызып қойған. Бірақ онымен жағымсыз иіс тарқай қоя ма? Айналаға адам төзгісіз иіс жайылған. Жауапты мекеме уақытында тазаласа да осылай жиі-жиі бітеліп қалады. Тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйдің кәріз жүйесіне төселген құбырлардың диаметрі тар. Сол себепті жиі бітеледі.

Мамандар бұл жағдайға тұрғындардың өздері де кінәлі дейді. Кәрізге тастауға болмайтын тұрмыстық заттарды ағызады, содан кейін құбыр бітеледі.

Бригада келді, бітелген құбырдың көзін ашып жатырмыз. Осы үйде үнемі бітеледі. Аптасы бір, кейде тіпті екі рет тазалаймыз. Өйткені тұрғындар кәрізге тұрмыстық қалдықтарды ағызып жібереді. Ол құбырдың көмейіне тұрып қалады да, судың жолын бөгейді. Дегенмен мәселені шешудің жолдарын қарастырып көреміз. Бәлкім құбырды ауыстырамыз, болмаса басқа кәріз құдығына қосамыз, – деді  “Теплоэнергия” коммуналдық мекемесінің қызметкері Қуаныш Райымбеков

Құбыр тазартылды, бірақ көп ұзамай тағы да көлкіп шыға келмесіне кепілдік жоқ. Мәселе түбегейлі шешілмесе апта сайын сарқын суды “сапырудан” тұрғындар әбден қажыды.


Фото: F16.kz

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде