F16.KZ
Жарияланды: 16:30, 11 апрель 2025
Жаналықтар / Басты

Өскеменде салынатын жаңа ЖЭО қаланың экологиясына әсер ете ме?

Шығыс Қазақстан облысында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында бірнеше ірі жоба қолға алынбақ. Солардың бірі – Өскеменде салынатын жылу электр орталығы (ЖЭО), деп хабарлайды F16.kz.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов жаңа жылу орталығының құрылысы бойынша Ресеймен үкіметаралық келісімге қол қойылғанын атап өтті. 

Алдағы уақытта Өскеменде қуаты 1024 Гкал/сағ және 360 МВт болатын ЖЭО-3 салу көзделген. Жобаны іске асыру үшін былтыр сәуірде Ресеймен үкіметаралық келісімге қол қойылды. Уәкілетті ұйымдар – «ИНТЕР РАО - Экспорт» ЖШҚ және «Самрұқ-Энерго» АҚ. Нысанның құрылысын 2025-2030 жылдар аралығында жүзеге асыру жоспарланып отыр, – деді басқарма басшысы.

Өскеменде салынатын жаңа жылу орталығының көмір жағатынын ескерген экологтар онсыз да көк түтінге көмілген қаланың ауасын одан сайын ластауы мүмкін екенін айтқан. «Өркениетті елдер көмірден бас тартып, баламалы қуат көзіне көшіп жатқанда қатты отын жағатын жылу орталығын салу қаншалықты тиімді?» деп дабыл қаққан. Басқарма басшысы бұл сұраққа жауап берді. 

Экологиялық мәселеге келсек, біз бұл сұрақты ресейлік әріптестермен бірге талқыладық. Елімізде 2021 жылы қолданысқа енгізілген жаңа Экологиялық кодекске сәйкес, энергия өндіретін нысандарда ауаға шығарылатын газдың құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін мейілінше азайтатын, яғни сүзетін заманауи құрылғылар орнатылуға тиіс. Жобаны іске асырғанда бұл талап қатаң сақталады. Әзірге “Самұрық-Энерго” АҚ ЖЭО-ның жобалық-сметалық құжаттамасына кіріскен жоқ. Қазір үкіметаралық келісімді ратификациялау үшін Мәжілісте құжатты талқылап жатыр. Сондай-ақ ашық дереккөздерде жазылғандай, ЖЭО-да көмірден бөлек газды пайдалану мүмкіндігі де ескеріледі. Бұл әрине болашақта Өскеменге газ тарту мәселесімен тікелей байланысты, деп түсіндірді Нұрлан Рамазанов.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
Өзеннен су ішкен халық, интернеті жоқ ауылдар. Катонқарағай ауданының тыныс-тіршілігі
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Фоторепортаж
Көріксіз көшелер мен көне ескерткіштер. Риддерде уақыт тоқтап қалғандай
23.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Риддер / Фоторепортаж
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде