F16.KZ
Жарияланды: 09:00, 23 апрель 2025
Жаналықтар / Басты

Өскемен қалалық ауруханасын қайта құрып жатыр

Өскеменнің бірінші қалалық ауруханасында өңір тұрғындарына күнделікті мамандандырылған, жоғары және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Медицина мекемесі стационарлық және стационарды алмастыратын форматта жұмыс істеп, тәулігіне жүздеген науқасты қабылдайды, деп хабарлайды F16.kz.

Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған медициналық орталығының қабылдау-диагностика бөліміне күн сайын шамамен 200 адам жүгінеді, олардың үштен бірі ауруханаға жатқызылады. Аурухана жоғары жеделдік режимінде жұмыс істейді, яғни науқастардың 90%-ы шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.

Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде біздің мекемеге, ондағы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына қатысты түрлі ақпарат тарай бастады. Осы орайда түсіндіре кетсем, қазір жөндеу жұмыстарын үш жоба бойынша үш мердігер атқарып жатыр. Бірінші жоба – аурухананың желдету желісін күрделі жөндеу.Екінші жоба инженерлік желіні күрделі жөндеу. Үшінші жоба гинекология бөлімшесін күрделі жөндеу, деп атап өтті бірінші қалалық аурухананың бас дәрігері Шолпан Мақашева.

Сонымен қатар бас дәрігер күрделі жөндеу біткен соң ауруханада алдағы уақытта гинекология бөлімшесін ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Ауруханада жатқан науқастарды сөзге тарттық. Медициналық қызмет сапасы жақсы екенін айтты.

Мұнда ауыр жағдайда жеткізілдім. Дәрігерлер менің өмірімді сақтап қалу үшін барын салды. Қазір жағдайым тәуір, бәрі жақсы. Операциядан кейін тиісті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Дәрігерлердің кәсіби біліктілігі жоғары екені көрініп тұр, деді науқастардың бірі.   

Жедел медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жеті операциялық бөлме және 18 төсек-орынға арналған жансақтау бөлімі жұмыс істейді. Жансақтау бөлімінің жүктемесі 100%-дан асады, бұл медициналық көмектің жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Қазір медицина мекемесінде ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр: палаталар жаңартылып, желдету жүйесі жаңғыртылды, емделушілер үшін жағдайды кешенді түрде жақсарту қолға алынуда. Бұл жайлылық деңгейін арттырып қана қоймай, медициналық қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі/видеодан алынған кадр

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба