Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 09:37, 24 апрель 2025
Жаналықтар

ШҚО-да «Қуатты елдің жастары – кітаппен» пікірталас алаңы өтті

Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында «Қуатты елдің жастары – кітаппен» атты пікірталас алаңы өтті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Биыл елімізде алғаш рет 23 сәуір – Ұлттық кітап күні аталып өтті. Жаңа мереке былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес белгіленген. Атаулы күнге орай қаладағы «Төр Алтайдың әдеби әлемі», «Кітаппен өскен мен», «Кітап ал» әдеби-шығармашылық топтарынан белсенді, кітапсүйер жастары пікірталас алаңын өткізді.

Шараның шымылдығын қаламыздағы белгілі балалар жазушысы Күлмай Сембайқызы ашып, кітап оқудың пайдасы, кітаптың маңыздылығы туралы айтты. Аmanat партиясының Жастар рухы жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық төрағасы Қорлан Туғамбаева сөз сөйледі.

Шара барысында жергілікті жас қаламгерлер және кітапсүйер жастар Қ.Дүргінбайұлы, С.Қуанғанұлы, Ә.Әуезхан, Р.Асқарұлы, А.Досханұлы өздерінің өлеңдерін оқып, оқыған кітаптары жайында ой бөлісті. Отбасымен кітап оқитын кітапхананың белсенді оқырмандары  Шыңғыс Манарбекұлы мен Шырын Ардаққызы баланы кітап оқуға қалай қызықтыруға болатынын айтты.

Олар «Кітап оқуды қай форматта қалайсыз?», «Қандай жанрларды оқыған ұнайды?», «Сіз кітап таңдау кезінде кімнің ұсыныстарын  пайдаланасыз?», «Сіз кітапты  қандай мақсатпен оқисыз?», «Кітап оқу мәдениеті» деген сұрақтарды көпшілікпен бірге талқылады, - деді ұйымдастырушылар.

Шарада ән шырқалып, жиылған көпшілік викториналық сұрақтарға жауап берді. Шара қонақтарына сый ретінде кітаптар тарту етілді.

Фото: Пушкин атындағы облыстық кітапхана


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба