Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 12:20, 03 июнь 2025
Жаналықтар / Қылмыс / Басты

«Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкере болды

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті «Amanat Drive» атауымен жұмыс істеген қаржы пирамидасын әшкереледі, деп хабарлайды F16.kz тілшісі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар азаматтарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы мүлік пен көлік алуды ұсынған, алайда міндеттемелер орындалмаған, ал мүлік туыстары мен жақындарына берілген. Пирамида 8 мыңнан астам салымшыны тартқан, олардың жалпы шығыны 21 млрд теңгеден асқан.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мақсатында, қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы бірнеше деңгейлі заңсыз схема жасаған. Ол өз бақылауындағы заңды тұлғаларды — «Алло, не керек», «i-m@rketing», «Gold SapaPremium» ЖШС — пайдаланған. 1,8 млрд теңге қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыртқа шығарылған. Қылмыстық кірістерге пәтерлер, үйлер және қымбат көліктер сатып алынып, олар сенімді адамдардың атына рәсімделген.

Сот мүлік пен шоттарға тыйым салды. Негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, — делінген ведомство хабарламасында.

Фото: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз: