Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 15:23, 03 июнь 2025
Жаналықтар

Үш айда 1 млн: мобильді аударымдар тексеріледі

Үш ай ішінде аударылған мобильді аударымдар көлемі 1 млн теңгеден асқан адамдарды Мемлекеттік кірістер комитеті тексереді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, 1 маусымнан бастап ай сайынғы аударымдар көлемі 300 мың теңгеден асса және 3 ай қатарынан осындай сомада ақша аударылса, комитет тарапынан сұрақ туындауы мүмкін.

Бұл көрсеткіш Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан репрезентативті деректер негізінде қалыптастырылды. Әріптестер бұл соманы қауіпсіз деңгей деп санайды. Шешім алдын ала экономикалық саясат жөніндегі кеңесте мақұлданды. Бірақ, шешім әлі де талқыланып жатыр, — деді Дәурен Кеңбейіл.

Бұл шара көлеңкелі табыс көздерін заңдастыру және адал кәсіпкерлерді қорғау мақсатында қолға алынып отыр. Түскен ақшаның кәсіпкерлікке қатысы жоқ екені расталса ешқандай мәселе туындамайды. 

Егер сіз кәсіпкер болмасаңыз және аударымның туыстарыңыздан түскенін түсіндіре алсаңыз, ешқандай сұрақ туындамайды. Бұл шектеу жүйелі түрде, оның ішінде бизнес аясындағы аударымдарға қатысты. Егер қаражаттың кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ екенін растай алсаңыз, мәселе жоқ, — деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Фото: gov.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде