F16.KZ
Жарияланды: 10:00, 23 май 2025
Жаналықтар

Ұлытауда белгісіз ер адам подъезде қызға шабуыл жасады

Ұлытау облысының Сатпаев қаласында белгісіз ер адам пәтерге кіріп бара жатқан қызға подъезде шабуыл жасап, оны зорламақ болған, деп хабарлайды F16.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада белгісіз ер адамның подъездің есігінен ішке енген қызды артқы жағынан келіп күшпен сыртқа қарай сүйрегені анық көрінеді. Қыз айғайлап көмек сұраған сәтте бірінші қабатта тұратын көршілердің бірі естіп, сыртқа шыққан. Сол кезде еркек қаша жөнелген.  

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті дереу ұсталып, қамауға алынған.

Шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру барысында күдіктіні анықтап, ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауда отыр. Тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады полиция департаментінен.

Фото: видеодан алынған кадр

 


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)