Арнайы жасақ қылмыскерді ұстады: Өскеменде балалар полицияның қызметімен танысты

ӨскемендеБалалардықорғаукүніқарсаңындаШығысҚазақстаноблысыныңполициядепартаментіндеашықесіккүніөтті. Іс-шараға 150-ден астам оқушы мен «жас сақшылар» қатысты, деп хабарлайды F16.kz.
Бағдарлама салтанатты сапқа тұрудан басталып, ішкі істер министрінің бейнеқұттықтауымен және ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбековтің құттықтау сөзімен жалғасты. Кейін балалар түрлі тақырыптық алаңдарға қатысып, интернет қауіпсіздігі, есірткіге қарсы күрес, өзін-өзі қорғау шеберлігі сияқты пайдалы ақпаратпен танысты.
Іс-шараның ең әсерлі сәті жедел әрекет ету арнайы жасағының (СОБР) қылмыскерді ұстау бойынша тактикалық көрсетілімі болды. Сондай-ақ арнайы техника көрмесі мен жол қауіпсіздігіне арналған акция оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Ашық есік күні жасөспірімдерге полицияның жұмысын жақынырақ танып, болашақ мамандық туралы ойланып көруге мүмкіндік берді.
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі