F16.KZ
Жарияланды: 09:30, 23 май 2025
Жаналықтар

Еліміздің бірнеше өңірінде шегірткеден қауіп бар

Еліміздің 14 өңірінде шегіртке тектес зиянкестерге қарсы 464 мың гектардан астам алқап өңделді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.

Бүгінде егістікті үйірлі шегірткеден қорғау және мониторинг жүргізу жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр. Болжам бойынша, биыл шегіртке тектес зиянкестер шамамен 2,1 млн гектар аумаққа таралуы мүмкін. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1 млн гектарға аз.

Шегірткенің ең көп таралу аймағы Қостанай, Ақтөбе, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында болады деп болжанып отыр.

Мониторинг жүргізуге және алқапты өңдеу жұмысына 4625 адам тартылған. Жалпы зиянкестермен күреске 443 арнайы техника жұмылдырылады.

Биылғы 22 мамырға дейін 2,8 млн гектар жер тексеріліп, оның 498 мың гектарына шегіртке таралғаны анықталды, қазір ол аумақтарды өңдеу жұмыстары қолға алынған. Бүгінге дейін еліміздің 14 өңірінде 464 мың гектар жерде шегірткеге қарсы күрес шаралары атқарылды. Мәселен, Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу аяқталуға жақын, тазалау шаралары жүріп жатыр. Жамбыл облысында негізгі өңдеулер аяқталды, итальяндық прусқа қарсы жұмыстар әлі аяқталған жоқ.

Итальяндық прусқа қарсы химиялық өңдеу Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жүргізіліп жатыр.

Фото: pixabay.com

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)