Тұрғын үй реформасы: баспананы енді кім және қалай бөледі

Биылғы 24 мамырдан бастап Қазақстанда тұрғын үйді бөлу жүйесі өзгереді. Енді бұл міндет «Отбасы банкіне» жүктеледі. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
Бұған дейін қолданылып келген Kezekte.kz жүйесінің орнына бірыңғай оператор ретінде «Отбасы банкі» тұрғын үйді тіркеу, орналастыру және бөлуді жүзеге асырады. Баспана алу тәртібі жеңілдейді және тіркелу күні мен табыс деңгейіне байланысты әділ әрі ашық түрде жүргізіледі.
Әкімдіктердің бұл үдерістен шеттетілуі бақылауды күшейтіп, шағымдардың азаюына бағытталған. Жаңа жүйе «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді.
Алайда баспана алу кезегі «Отбасы банкіне» емес, құрылыс қарқынына байланысты. Құрылыс көлемі артқан сайын тұрғын үй кезегі де жылжи түседі.
Фото: pixabay.com




