Не жаңалық? / Қылмыс / Басты
ШҚО-да алты қаржы пирамидасы анықталды

Ел аумағында қаржы пирамидаларының қызметіне тыйым салынған. Десе де елді сан соқтырып жатқандарға тоқтау болмай тұр. Соңғы екі жылда экономикалық тергеп-тексеру департаменті Шығыс Қазақстан облысы аумағында алты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқан, деп хабарлайды F16.kz
тілшісі.
Бұл қаржы пирамидаларына 250-ден астам азаматтың 400 млн теңгеден астам қаражаты тартылған.
Республика аумағында әрекет еткен Chia Tai-Tianqing Pharmaceutical және Eolus қаржы пирамидаларының екі құрылымдық бөлімшесінің аумақтық басшыларына қатысты сот үкімдері шықты. Салымшылардың қаражаты фармацевтикалық компания мен шетелдердің аумағында жаңартылған энергия көздерін инвестициялау пакеттерін сатып алу түріндегі компанияға инвестиция ретінде тартылған, - деді ШҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің екінші тергеу басқармасының басшысы Еркебұлан Мусин.
Айта кету керек, қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оның қызметін жарнамалаған адам Қылмыстық кодекстің 217-ші және 217-1 баптарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Фото: gov.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Прокурорлар майдан шебінде

Агрофорум-2025: ШҚО-дағы агросектордың жетістіктері мен өзекті мәселелері

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы