ШҚО әкімі түлектерге ақ жол тіледі

Бүгін мектеп түлектері үшін ерекше күн. Еліміздің білім ордаларында оқушылар мектеппен қоштасып, түлектер үлкен өмір жолына қанат қағып жатыр. Өскемен қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, облыс орталығында биылғы оқу жылын 47 223 оқушы аяқтаса, оның 1899-ы 11-сыныпты тәмәмдады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Айта кетейік, биыл оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара уақыты 23 мамырға белгіленген.
Бүгін аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов пен Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Шығыстың бас шаөарында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде болып, салтанатты шараға қатысты.
Шара соңында аймақ басшысы мектеп-лицейдің жұмысымен танысып, ұстаздарен тілдесті. Түлектер сынып жетекшілеріне гүл шоқтарын ұсынып, алғыс білдірсе, ұстаздары 11 жыл білім берген шәкірттеріне сәт сапар тілеп, шығарып салды.
Айта кетейік, биыл обылста 4430 түлек үлкен өмірге қанат қақты. Оның ішінде 368 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 403 оқушы үздік аттестат иегері атанбақ.
Фото: Дана Әбдікәрім




