Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 17:10, 22 май 2025
Жаналықтар / Қылмыс / Басты

Заңсыз алтын өндірумен айналысқан топ ұсталды – ШҚО

ШҚО-дағы аудандардың бірінде бағалы пайдалы қазбаларды заңсыз өндірумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Заңсыз әрекеттерді толық тіркеу мақсатында облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратын пайдаланып, заңсыз жұмыстар жүргізілген жердің нақты орнын анықтады. Нәтижесінде оқиға орнында алты адам ұсталды. 

Тергеу әрекеттері барысында бір экскаватор, үш металл іздегіш құрылғы, екі автокөлік және топырақ үлгілері алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жерасты ресурстарына келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Мұндай заңсыз әрекеттер мемлекет экономикасына ғана емес, флора мен фаунаға, табиғи ландшафтқа да елеулі зиян келтіреді.

Фото: Видеодан алынған кадр


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)