Қазақстанда 1,8 мың көлік заңсыз тіркелген: күдіктілер ішінде полиция өкілдері бар

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) 31 млн теңгенің автокөліктерін заңсыз тіркеу жолын әшкереледі. Мемлекетке келген шығын көлемі – 11,8 млрд теңге, деп хабарлайды F16.kz.
Агенттік ұсынған мәліметке сүйенсек, кейінгі үш жылда 1,8 мыңнан астам автокөлікті заңсыз тіркеуге қою фактісі бойынша 88 қылмыстық іс тергелді. Соның салдарынан мемлекетке 11,8 млрд теңге шығын келген.
Ведомствоның хабарлауынша, аталған іс бойынша 70 адам күдікті ретінде қарастырылған, олардың арасында әкімшілік полиция басқармасының басшылары мен қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері бар.
Осындай жағдайдың бірі Ақмола облысында болды. Агенттік мәлімдегендей, 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта онда 55 жүк көлігі заңсыз алғашқы тіркеуден өткізілген. Мемлекетке келтірілген залал –401 млн теңге. Қылмыстық топтың құрамында әкімшілік полиция басқармасының қызметкері болған.
Фото: F16.kz/коллаж




