Өлім-жітім көбейді, науқастар дәлізде жатыр: Өскемендегі аурухананың жағдайы

Ел ішінде «бірінші қалалық аурухана» аталған Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығында науқастар дәлізде жатыр. Қолқаны қапқан күлімсі иіс бүкіл аурухананы алып кеткен. Сасық иіс төбедегі жылдар бойы жиналған құстардың саңғырығынан келіп тұр. Былтырдан бері жөндеу жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау мекемесінде F16.kz тілшісі болып қайтты.
ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ
Өңірдегі іргелі аурухананың бірінен саналатын медицина орталығына кеше Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар жоспардан тыс барды. Ондағы негізгі себеп – кейінгі кезде тұрғындар тарапынан арыз-шағымның тым көбейіп кетуі. Әсіресе, дәрігерлердің дөрекі іс-әрекеті мен салғырттығына шағымданған жұрт әлеуметтік желілерде бәрін ашық жазып жатыр. Ресми ақпаратқа сенсек, кейінгі екі-үш жылда өлім-жітім де көбейген.
ДӨРЕКІ ДӘРІГЕР, ЕСІНЕН ТАНҒАН НАУҚАС
Қоғамның наразылығын туғызған тағы бір жәйт – дәрігерлердің қарым-қатынасы.
ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ ДҰРЫС ЖОСПАРЛАНБАҒАН
Былтыр облыстық мамандандырылған медициналық орталықта жөндеу жұмыстары басталған. Содан бері маза жоқ. Кейбір науқастар орын таппай қаз-қатар тізіліп дәлізде жатыр. Гүрсілдеген, тарсылдаған дыбыстар, шаң-тозаң төсек тартқан емделушіні қойып сау адамның жүйкесін жұқартады. Жұрттың ашуын туғызған да осы жағдай.
Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары 23 мамырда өтетін медицина алқасында осы “бірінші қалалық аурухананың” мәселесін талқылауды ұсынды.
ҚОЛҚАНЫ ҚАПҚАН ЖАҒЫМСЫЗ ИІС
Жөндеу жүргізіліп жатқан аурухананың төбесінде жылдар бойы кептердің саңғырығы жиналған және оны бұған дейін ешкім тазаламаған. Құс саңғырығының қолқаны қапқан жағымсыз иісі ғимараттың бірнеше қабатына түгел тарап, онсыз да әрең жатқан науқастардың тынысын тарылтты. Жақсылық Омар тез арада шатырды тазалауда тапсырды.
Фото: F16.kz




