F16.KZ
Жарияланды: 12:30, 23 май 2025
Жаналықтар

Қазақстанға шетелдік компаниялар қызығып отыр

Қазақстанның геологиялық саласы шетелдік инвесторлар үшін барған сайын тартымды бола түсті. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесінде геологиялық барлау саласына 12 млрд теңгеден астам шетелдік инвестиция тартылды, деп хабарлайды F16.kz.

Инвесторлар қатарында әлемдік жетекші компаниялар бар. Атап айтқанда, ұлыбританиялық Rio Tinto, канадалық FQM Kazakhstan және Arras Minerals, австралиялық және сингапурлық Sarytogan Graphite, Hidden Owl, IG Asia, сондай-ақ түріктің Эсан компаниясы. Бұл компаниялар Қазақстандағы қатты пайдалы қазбаларға қатысты болашағы бар учаскелерде барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Инвестициялық қызығушылықтың артуына елдегі геологиялық-геофизикалық зерттеулердің жоғары деңгейі әсер етіп отыр. Былтыр зерттелген аумақ 2014,4 мың шаршы шақырым болса, биыл бұл көрсеткіш 2038,2 мың шаршы шақырымға дейін жеткізілмек. Мемлекеттік бюджет есебінен минералогиялық карталау мен тақырыптық іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Ашық цифрлық инфрақұрылым мен айқын ережелерге сүйене отырып, Қазақстан геологиялық барлау саласында халықаралық әріптестік пен инвестиция тартуда маңызды ойыншыға айналды.

Фото: F16.kz/жасанды интеллект

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)