F16.KZ
Жарияланды: 11:30, 23 май 2025
Жаналықтар

Азия чемпионаты: финалға шыққан боксшы қыздардың бәрі жеңіске жетті

Бокстан Шри-Ланкада өткен U22 Азия чемпионатында Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді. Финалға шыққан ұлттық құраманың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды, деп хабарлайды F16.kz.

Бұл бәсекеге Азия құрлығының 21 мемлекетінен былғары қолғап шеберлері қатысты. Атап айтсақ: Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам. Боксшылар 12 салмақ бойынша сынға түсіп, жүлделерді сарапқа салды. Қазақстан қыздар құрамасы сапында чемпион атанған қыздар:

* 48 келі – Айым Таңқыбаева

* 50 келі – Сила Биболсынқызы

* 52 келі – Рахмина Абдумежитова

* 54 келі – Жанель Имантаева

* 57 келі – Ақнұр Тұрсынғали

* 60 келі – Толғанай Қасымхан

* 63 келі – Алина Құдайгенова

* 66 келі – Ақбота Есімбекова

* 70 келі – Мария Сидоренко

* 75 келі – Зарина Толыбай

* 81 келі – Құралай Егінбайқызы

* +81 келі – Сабина Жақсылық

 Фото: olympic.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)