ШҚО-да отбасылық құндылықтар ұлықталды

Өскеменде облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Отбасылық құндылықтар үйлесімі» атты танымдық-ойын бағдарламасы өтті, деп хабарлайды F16 тілшісі.
Қасым Қайсенов атындағы паркте өткен іс-шараға музейдің жас мамандары мен олардың отбасылары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарламаның мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайту, отбасылық жауапкершілікке баулу. Бұл мақсат «Әке – тірек, ана – жүрек» қағидасымен тығыз байланысты.
Қызықты өткен іс-шара барысында жиналғандар қазақтың «Тақия», орыс халқының «Матрёшка», украиндардың «Төрт табиғи күш» ойындары сынды түрлі ұлттық сайыстар мен викториналарға қатысып, отбасылары туралы өлеңдер оқып, дәстүрлерімен бөлісті.
Нұржан Кенжеұлы
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі