Жаналықтар / Тарбағатай
Қабанбайлықтар ауылды гүлдендірді - ШҚО

Көктемнің шуақты, жан жадыратар күнінде табиғатқа бейжай қарамайтын қабанбайлық тұрғындар экологиялық акцияға белсене қатысты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылдық округі әкімдігінің ұжымы әкімшілік ғимараты аумағы мен «Ауылым – алтын бесігім» саябағын тазартып, ауыл келбетіне ерекше сән беретін түрлі-түсті гүлдер екті.
Акция аясында егілген 120 дана петуния гүлінің мекеме мен саябақтың ажарын аша түскені рас.
Біздің мақсат – тек аумақты көркейту емес, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, тазалық пен экосананы қалыптастыру. Бұл іске қоғамның әр мүшесі үлес қосуға тиіс, - деді акция қатысушылары.
Сондай-ақ әкімдік ұжымы тұрғындарды табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырады.
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Прокурорлар майдан шебінде

Жәдігер ұстаз жүрген жол

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар