ШҚО-да студенттерге арналған қаржылық қауіпсіздік форумы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен студенттерге арналған қаржылық қауіпсіздік форумы өтті, деп хабарлайды F16.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде жастарды алаяқтық схемалардан сақтандыру және алдын алуға көп көңіл бөле бастады. Яғни осы шаралар аясында студенттердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттырып, қаржылық қауіпсіздік саласындағы заманауи трендтер туралы түсініктерін қалыптастырмақ.
Айта кетейік, аталған форум қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық олимпиадаға дайындық аясында ұйымдастырылып отыр. Форум барысында арнайы оқытушылар мен департамент қызметкерлері дәріс оқып, тақырыпты түрлі ойын арқылы түсіндіреді. Олимпиадада ерекше көзге түсіп, үздік атанған студенттер Ресейдегі халықаралық олимпиадаға жолдама алмақ.
Қаржылық қауіпсіздікті насихаттауға бағытталған форум 11 сәуірге дейін жалғасады.
Фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы




