F16.KZ
Жарияланды: 16:16, 09 апрель 2025
Жаналықтар

“Қарулы жиһадты” насихаттаған қазақстандық сегіз жылға сотталды

«Қарулы жиһадты» насихаттап, әскер жасақтаған қазақстандық сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлай F16.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Желілік басылымның жазуынша, сотталған азамат танымал мессенджерді пайдаланып, лаңкестікті насихаттаған, сондай-ақ адамдарды өз қатарына тартуға әрекет еткен.

Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.

2024 жылғы қыркүйекте Шымкент қаласында «С» есімді азамат WhatsApp мессенджері арқылы танысы «Т» есімді азаматшаға халықаралық террористік ұйым «Мұсылман бауырлар» идеологиясын және «қарулы жиһад» идеясын насихаттайтын, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды жолдап, террористік топтарға қосылуға үгіт-насихат жасаған, - делінген қалалық прокуратураның ақпаратында.

Сот үкімімен «С» есімді азамат ҚР ҚК-нің 256-бабы, 2-бөлігі (терроризмді насихаттау, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды интернет-ресурстар арқылы тарату) және 296-бабы, 1-бөлігі (террористік не экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарға үгіт–насихат жасау, даярлау немесе қаруландыру) бойынша кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Былтыр осындай қылмыс жасағаны үшін 10 азамат сотталған, – деп хабарладыШымкент қаласының прокуратурасы

Шымкент қаласының прокуратурасы мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Фото: infozakon.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)