Қылмыс
ШҚО: 3 мыңнан астам сайт тыйым салынған ақпарат таратқан

Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында тыйым салынған ақпарат таратқан 3 мыңнан астам сілтеме бұғатталған, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Жергілікті тәртіп сақшылары кәмілетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заңға қайшы контентпен күресу мақсатында әлеуметтік желі мен ғаламтор беттеріндегі қадағалауды күшейткен. Соның нәтижесінде өткен жылы тыйым салынған ақпаратты таратқан 1 770 сайт анықталып, бұғатталған.
- Есірткі заттарын ұсынатын, суицидті насихаттайтын, порнографиялық сипаттағы материалдар мен заңсыз онлайн-казино орналастырылған ресурстар анықталды. Бұл бағытта жұмысты күшейтіп жатырмыз. Үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында осындай мазмұндағы 3 000-нан астам сілтеме бұғатталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға, күмәнді интернет-сайттар туралы хабарлауға шақырады.
Фото: zhaikpress.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?