F16.KZ
Жарияланды: 22:49, 15 апрель 2025
Алтай / Жаналықтар

Өскемен-Алтай жолында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

2025 жылғы 15 сәуір күні кешке қарай республикалық маңызы бар Өскемен–Алтай–Үлкен Нарын–Катонқарағай–Рахман қайнары автожолының 57-ші шақырымында тау беткейінен аққан қар суы жол жиегін жырып кетті, деп хабарлайды F16.kz.

Оқиға орнына «КАЖсервис» ЖШС ШҚО филиалының басшылығы мен жолды пайдаланушы ұйымның өкілдері дереу шықты. Қазір оқиға орнында мамандар жұмысқа кіріскен: қауіпті учаскені қоршау және қалпына келтіру жұмыстары жедел жүргізіліп жатыр. «Kurylys Group RK» ЖШС мердігер ұйымының техникалары – екі экскаватор мен бес жүк көлігі жұмылдырылды.

Сонымен қатар көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 сәуір күні кешкі сағат 20.50-ден бастап жолдың 6-166 шақырым аралығында (Ушанов ауылынан Алтай қаласына дейінгі бөлігі) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Жол жабынын қалпына келтіріп, жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолшылар бар күшін салып жұмыс істеп жатыр.

Фото: F16.kz/жасанды интеллект

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Көріксіз көшелер мен көне ескерткіштер. Риддерде уақыт тоқтап қалғандай
23.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Риддер / Фоторепортаж
Өзеннен су ішкен халық, интернеті жоқ ауылдар. Катонқарағай ауданының тыныс-тіршілігі
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Фоторепортаж
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде