Алтай / Басты / Жаналықтар
Су шайған Өскемен-Алтай жолы 16 сағатта қалпына келтірілді

Өскемен–Алтай–Катонқарағай–Рахман қайнары республикалық тас жолының 56-шы шақырымындағы су шайған бөлігі қалпына келтіріліп, көлік қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ШҚО филиалының баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұған себеп — топырақтың шамадан тыс ылғалдануы. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 6–166 шақырым аралығындағы жол учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді, – деді «Қазжолсервис» ЖШС облыстық филиалының директоры Нұрлан Әзімбаев.
Республикалық трассаның бұл бөлігі тасқын қаупі бар аймаққа жатпайды, сондықтан ол жерде су өткізу құрылыстары жоқ.
Бар болғаны 16 сағатта «Қазжолсервис» ЖШС облыстық филиалы мен мердігер ұйым – «Kurylys Group RK» ЖШС-ның бірлескен күшімен жұмыс атқарылды. Жол жиегін қалпына келтіруге 22 техника, 30 адам тартылды. 4000 тонна жартасты топырақ пайдаланылды. Осинов асуын айналып өтетін жолдың 56–72 шақырымында жұмыс жүргізіп жатқан мердігер арнайы техникалар мен материалдарды жедел әрі тегін берді, – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалының директоры Нұрбек Темірханов.
Қазір жол жөнделіп, көлік құралдары қалыпты режимде жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, кеше, 15 сәуірде кешкі сағат 20.00 шамасында Өскемен–Алтай–Катонқарағай–Рахман қайнары республикалық тас жолының 56-шы шақырымында тау беткейінен аққан қарғын су жол жиегін жартылай шайып кеткен.
Фото: «Қазавтожол» ҰК» АҚ ШҚО филиалының баспасөз қызметі
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?

«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?