F16.KZ
Жарияланды: 11:00, 15 апрель 2025
Глубокое / Жаналықтар

Белокаменка ауылында медпункт ашылды – ШҚО

Глубокое ауданының Белокаменка ауылында жергілікті тұрғындар көптен күткен заманауи медициналық пункт ашылды, деп хабарлайды F16.kz.

Лентасы қиылған денсаулық сақтау мекемесінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қызметкерлер штаты бекітілген. Медпунктте емшара және егу, физиотерапияға арналған кабинеттер, дәрігерлік кабинет бар. Оған қоса бөлшек саудаға арналған қажетті медициналық препараттармен қамтылған дәріхана да жұмыс істейді.

ДӘРІХАНАСЫ ДА БАР

Белокаменка аудан орталығы – Глубокое кентінен 30 шақырым қашықта орналасқан. Өңірдің басқа ауылдары сияқты мұнда да егде жастағы адамдар үлесі басым. Сондықтан елді мекен тұрғындары медициналық көмекке жиі жүгінеді. Бұрын адамдар медициналық қызметті жергілікті фельдшерлік-акушерлік пунктте (ФАП) алатын. Бірақ ол ФАП-тың ғимараты тым ескі еді, кейбір санитарлық талаптарға сәйкес келмеді. Жаңадан ашылған медпункт осы проблемалардың түйінін шешуге көмектесетінін айтады Глубокое аудандық ауруханасының бас дәрігері Мерхат Увазыров.

Медициналық пункт қажетті құралдарментолық жабдықталған, штаты жасақталған. Мұнда емдеу және егу кабинеттері, физиокабинет, дәрігерді қабылдау кабинеті және дәріхана бар. Тұрғындарға қажетті медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған, – деді ол.

ҰТАРЫ КӨП ҰЛТТЫҚ ЖОБА

Жаңа медициналық нысан AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасын және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру аясында қолданысқа беріліп отырғанын айта кету керек.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының негізгі мақсаты – республиканың барлық ауылдық елді мекендерін бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету, ауыл халқына жедел медициналық көмек көрсету тиімділігін арттыру есебінен қала мен ауылдың денсаулық сақтау саласындағы айырмашылықты азайту. 

Жоба аясында республика бойынша ауылды жерлерде 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу, қайта қалпына келтіру, қосымша жарақтандыру міндеттері жүзеге асырылады. Медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылады.

Бұл – көптен күткен жоба. Жаңа медпункт AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды. Жалпы, кейінші екі жыл ішінде Глубокое ауданында осындай алты нысан салынып, ел игілігіне берілді, - деді AMANAT партиясы Глубокое аудандық филиалының төрағасы Анна Кузнецова.

Айта кетейік, Белокаменка ауылында қазір 379 адам тұрады. Ал диспансерлік есепте 28 адам тіркелген, сонымен қатар онкологиялық дерт анықталған 17 науқас бар.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде