Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 12:28, 17 апрель 2025
Ұлан / Жаналықтар

Ұлан ауданындағы өрт сөндіру бөлімінің ғимараты жөнделеді

Қасым Қайсенов кентіндегі №10 өрт сөндіру бөліміне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды F16.kz.

1999 жылы қолданысқа беріліп, 26 жыл бойы жөндеу көрмеген нысан бүгінде әбден тозған. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданына жұмыс сапары кезінде өрт сөндіру бөліміне барып, ғимараттың талапқа сай келмейтінін айтты. 

Өрт сөндірушілердің қызметі біз үшін өте маңызды. Оларға барыншы қолайлы жағдай жасалуы керек. Қазіргі өрт сөніру бөлімі талаптарға мүлде сай келмейді. Ғимаратқа толықтай күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл жеке құрамға талаптар мен стандарттарға сай, қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді, - деді облыс әкімі.

Аудан әкімі Арман Бекбосыновтың айтуынша, қазір аудан бойынша техникалық база жаңартылып жатқан көрінеді. Ұлан ауданы бойынша 7, оның ішінде №10 өрт сөндіру бөліміне 2 техника бөлінген. 

Фото: F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба