F16.KZ
Жарияланды: 11:41, 17 апрель 2025
Риддер / Жаналықтар

Өскемен-Риддер: жол апаты болды, адам шығыны бар

Кеше, 16 сәуірде Өскемен-Риддер тас жолының 4-ші шақырымында үш көлік – «КамАЗ», «ВАЗ 2109» және «Honda Inspire» соғылып, оқиға орнында бір адам мерт болды, деп хабарлайды F16.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық трассаның бойындағы жол апатынан «ВАЗ 2109» маркалы автокөліктің жүргізушісі қатты соққы салдарынан тіл тартпай кеткен.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін көлік жүргізушілеріне жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қауіпті учаскелерде абайлап жүруді және көлік құралының техникалық жай-күйін ұдайы қадағалап отыруды ескертеді. 

Фото: F16.kz/шартты сурет

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде