Өскемен / Фоторепортаж / Не жаңалық? / Басты
Өскеменде мешіттің алдында мотоциклист ажал құшты
Өскемендегі Сәтпаев даңғылы бойында мотоцикл тізгіндеген азамат жол-көлік оқиғасына түсіп, ажал құшты.
Қайғылы жағдай Халифа Алтай мешітінің алдында болған, деп хабарлайды F16.kz cайты.
Оқиға куәгерінің айтуынша, «Тойота королла» мешіттің алдынан басты жолға шыға бергенде, арт жағынан мотоцикл келіп соғылған.
-
- Мешіттен астан шыққан едік. Жүргізуші жан-жағына қарады. Көлік жоқ секілді болған. Атып шыққаны сол, арт жақтан дүңк еті түсті. Мотоциклист ұшып түсті. Сол кезде қарама-қарсы беттен келе жатқан мәшін басып өтті, - дейді куәгер.
Сонымен қатар, оқиға орнына жиналған жұрт соңғы уақытта мотоцикл мінген жастар көп екенін айтады. Электромопедтің өзі қауіпті деседі. Солардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы да жиілеген дейді.
Айта кетейік, ақпарат бейресми деректерсіз әзірленді. Полиция бөлімі ақпарат жібере сала, оқырман қауыммен бөлісеміз.
Қатысты сілтемелер: