Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 17:01, 21 май 2025
Өскемен / Жаналықтар

Ертең Өскеменде сирена қосылады

Шығыста «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оның шеңберінде 22 мамыр күні сағат 09:00-де радио мен телеарналар арқылы электр сиреналары және сөйлеу құрылғылары іске қосылады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 
Сирена қосылған кезде сіз жұмыста, қоғамдық жерде немесе көшеде болсаңыз, ұялы телефон арқылы радио қосуға тырысыңыз. Ал үйде сигналды естісеңіз, цифрлық хабар тарататын теледидарды қосып, ақпаратты мұқият тыңдаған жөн. 
Дүрбелеңге салынбай, балаларға да ескерту белгісін түсіндіру керек.

Фото: gov.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз: