Өскемен
Шығыстың бас шаһарында сабан той өтті

Өскемендегі облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Сабан той-2025» мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Балаларға арналған ерекше мерекеде кітап көрмесі ұйымдастырылып, ою-өрнектен шеберлік сыныбы өткізілді. Сондай-ақ «Сиқырлы бояулар» үйірмесінің қатысушылары «Көңілді жаз» атаумен қиялдарына қанат бітіріп, сурет салды. Шара соңында жиналғандар ашық аспан астында «Менің атым Қожа» фильмін тамашалады.
Бүгін балаларға арнап «Сабан той-2025» мерекелік шарасын ұйымдастырып жатырмыз. Негізінде бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Сабантойды өткізудегі негізгі мақсатымыз - жаз кезінде оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханадағы түрлі үйірмелерге қатыстыруға ынталандыру, – дейді коммуникация орталығының жетекшісі Эльмира Сейітқазықызы.
Кітапхана ауласында «Оқысаң өкінбейсің» атты мерзімді басылымдар мен кітаптар көрмесінде балаларға жазда оқуға әдебиеттер ұсынылды. Балалар көрмеде түрлі кітаптар, ертегілермен танысты. Кітапхана қызметкерлері оқушыларды қызықтырған кітаптар жайлы әңгімелеп берді.
Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 2-3 сынып оқушыларын бүгін облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өтіп жатқан «Сабан той-2025» мерекесіне әкелдік. Балалар қазақтың ертегі, ақын-жазушылардың кітаптарын көріп, соларға деген қызығушылықтары оянып, ары қарай кітапханамен тығыз байланыста болады деп ойлаймыз, – дейді Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің мұғалімі Айнагүл Қанағатқызы.
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

Өзеннен су ішкен халық, интернеті жоқ ауылдар. Катонқарағай ауданының тыныс-тіршілігі

Көріксіз көшелер мен көне ескерткіштер. Риддерде уақыт тоқтап қалғандай

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Қараусыз мекен, қар басқан көше, жағымсыз иіс. Өскемен саяжайларындағы өмір