Өскемен / Білім мен ілім
Өскеменде қанша түлек мектеп бітіреді?

Тағы бір оқу жылы өз мәресіне таяп келеді. Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда соңғы қоңырау күні өзгергенін мәлімдеген. Өскемендегі мектептерде салтанатты жиын 23 мамырға жоспарланып отыр, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, Өскеменде 47 223 оқушы оқу жылын қорытындылайды. Оның ішінде 1899 түлек мектеппен қоштасады.
Қала бойынша 52 мектеп жұмыс істеп отыр. Оның 49-ы мемлекеттік, 3-еуі жекеменшік.Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар барлық білім орласында 23 мамыр күні сағат 10:00-де өтеді, - делінген хабарламада.
189 түлек 34 аптаға созылған оқу жылын үздік тәмәмдап, «Алтын белгі» иегері атануға үміттеніп отыр.
Ал мемлекеттік емтихандар әдеттегідей 9-сыныптар үшін – 29 мамыр мен 10 маусым аралығында, 11-сыныптар үшін – 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өтпек.
Фото: Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

Прокурорлар майдан шебінде

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Жәдігер ұстаз жүрген жол

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы