ШҚО-да мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов саланың үздік өкілдерін марапаттады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
21 мамыр күні Өскемен қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік кеш аясында сала үздіктеріне алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталып, олардың кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі жоғары бағаланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
•Андрей Воронин – Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының орыс труппасының көркемдік жетекшісі
•Анастасия Городко – фристайл (могул) бойынша Қазақстан Республикасының құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған:
•Алла Латфи – Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының актрисасы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған:
•Марина Аликина – Шығыс Қазақстан облыстық зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың кітапханашысы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған:
•Максим Горбанёв – Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының орыс труппасының әртісі
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
•Меир Орымбаев – Катонқарағай мәдениет және демалыс орталығының әншісі
•Бақыткүл Шайымова – Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің №2 филиалының кітапханашысы
•Наталья Терентьева – Глубокое ауданы, Опытное поле ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі
•Қайрат Тұңғышпаев – Самар ауданының мәдениет және демалыс орталығының әртісі, «Самар сазы» ансамблінің жетекшісі
Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандар:
•Кенжегүл Насиева – Зайсан орталық кітапханасының кітапханашысы
•Толқын Сәрсембина – Ұлан ауданының аудандық Мәдениет үйінің мәдени шаралар ұйымдастырушысы
•Наталья Рудакова – Шемонаиха тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жетекшісі
•Сымбат Қалияқперов – Күршім ауданы Тұрар Қабдолда атындағы аудандық Мәдениет үйі директорының орынбасары
•Светлана Гилёва – Шығыс Қазақстан өнер музейінің жаппай экскурсиялар және музей педагогикасы секторының маманы
•Ольга Леонова – Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету орталығының меңгерушісі
•Анатолий Коблов – ШҚО драма және оперетта театрының жарық беру суретшісі
•Арника Байбусынова – ШҚО филармониясының солисті
•Динара Кітапбаева – Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету орталығының жетекшісі
•Ражан Ерболов – Үлкен Нарын аудандық мәдениет және демалыс орталығының әртісі.
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі