F16.KZ
Жарияланды: 10:54, 11 апрель 2025
Өскемен / Басты / Жаналықтар

 Тегін үй, жеңілдетілген ипотека және шетелдік тәжірибе: ШҚО-да ғалымдарға қандай қолдау көрсетіледі?

Ғылым апталығы аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да XI халықаралық конференция өтті. «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және жас зерттеушілер қатысты, деп хабарлайды F16.kz.

Шараның мақсаты – жас ғалымдарды жан-жақты қолдау, олардың әлеуетін дамыту, білім мен тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар орнату.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов конференцияға қатысушыларды құттықтап, бірқатар ғалымға алғыс хат табыс етті.

Сіздерді Ғылым күнімен құттықтаймын және апталық сәтті әрі шығармашылыққа толы болсын деп тілеймін! Шығыс Қазақстан облысы – еліміздегі инновациялық аймақтардың бірі. Біздің ғалымдар келешегі зор бағыттарды дамытып, жаңа материалдар мен технологияларды жасап жатыр. Олар студенттер мен жас әріптестерін зерттеу жобаларына белсенді тартып, өңір мен елдің дамуына зор үлес қосып келеді, – деді өңір басшысы.

Аймақ басшысы ғылым мен инновацияның одан әрі дамуы аймаққа инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың өмір сапасын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Айта кету керек, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдары қазір аддитивті өндіріс, материалдарды өңдеудегі инновациялар, геоақпараттық жүйелер және басқа да көптеген салада жобаларды іске асырып жатыр. Конференция барысында осы жобалардың кейбірі таныстырылды.

Мен жас ғалым ретінде Ғылым апталығына белсенді қатысып келемін. Менің жобам «Шиберлі ысырма түйіспелі беттерінің тозуға төзімділігін арттыру» деп аталады. Жобамның негізі – әртүрлі дәнекерлеу материалдарын қолдану, – деген қауымдастырылған профессор, PhD докторы Риза Ғабдысалық мемлекет тарапынан жас зерттеушілерге ғылыми жұмыстармен айналысуға барлық мүмкіндіктер жасалып отырғанын айтты.

Сонымен қатар ол өзінің жұмысы республикалық байқауда жеңімпаз атанып, постдокторантурада жалғастыру үшін мемлекеттік қаржыландыруға ие болғанын тілге тиек етті.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сауле Рахметуллина ғалымдарды қолдау шараларына гранттық қаржыландырумен қатар мемлекет тарапынан берілетін тегін тұрғын үй, жеңілдетілген ипотека және шетелдік әріптестермен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін ғылыми тағылымдамалар да кіретінін атап өтті.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба