Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 22:57, 15 апрель 2025
Өскемен

Өскемендіктер Ғашықтар күнін ерекше атап өтті

Өскемендіктер бүгін кешке сүйіспеншілік пен сезім мерекесін атап өту үшін Арбат алаңына жиналған. Мұнда ұлттық Ғашықтар күніне орай ерекше форматта концерт өтті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

 

«Махаббат street» деп аталған романтикалық концерт облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Кештің ерекшелігі сонда, сахнада кәсіби әншілер емес, түрлі аспапта еркін ойнайтын әуесқой жастар өнер көрсетті.

Жалпы концерттің негізгі сценарийін екі ғашықтың басынан өтетін кезеңдерге қарай құрдық. Яғни, бірінші кезең - таныстық, ғашықтық кезең. Елімізге танымал эстрада жұлдыздарының әндерін талантты жастардың орындауында тыңдадық. Екінші кезеңде - реніш, түсініспеушілік жайлы әндерді және соңғы кезеңді “Happy end” деп алдық. Яғни, махаббаттың нәтижесі, бақытты, көңілді әуендер айтылды, - дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Бақытжан Ерболқызы.


Алаңда ұйымдастырылған романтикалық базар ән кешінің көрігін қыздыра түсті. Ғашықтар бір-біріне шоқ гүлдер, тәттілер мен сыйлықтар сыйлап жатты.

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)