Шығыс Қазақстанға Қытайдан турист тартпақшы
Шығыс Қазақстанға алдағы уақытта шетелдік саяхатшылар ағыла бастауы мүмкін.
Шығыстағы туризм саласының өкілі Сымбат Рамазанов Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында шетелдік саяхатшыларды Шығыс Қазақстанға тартуды көздейді, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Айта кетсек, қазір Қытайдың Шыңжан ұйғыр автономиялық районында (ШҰАР) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер арасында «Бірге алға басамыз!» атты халықаралық форум өтіп жатыр. Онда біздің еліміздің атынан барған делегация құрамында Шығыс Қазақстан облысының өкілдері де бар.
Форум цифрлық технология саласында тәжірибе алмасу мен өзара ынтымақтастық орнатуға бағытталған.
Ол туризм саласын дамытудағы өз жоспарларымен де бөлісті. Форумнан кейін биыл жарияланған Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында ШҚО-ға туристер тарту мақсатында Қарамайдағы туристік компания өкілдерімен кездесу өткізбек екен.