admin
Жарияланды: 10:05, 13 июнь 2024
Басты / Не жаңалық? / Киелі Алтай

Шығыс Қазақстанда «ақ мұнай» өндірісі қолға алына ма?

Фото: avatars.dzeninfra.ru

Литийді цифрлы дәуірдің мұнайы немесе «ақ мұнай» деп атап жатыр. Бұл сирек металлға деген сұраныс болашақта ерекше болмақ.

Шығыс Қазақстан облысында литий өндірісі қолға алынуы әбден мүмкін, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев KIGAM президенті Пёнг-Ку Лиді және SK Ecoplant вице-президенті Хансоль Пэкті қабылдады. Кездесуде Корея Геологиялық зерттеу және минералды ресурстар институтының (KIGAM) Шығыс Қазақстан облысындағы «Бакенное» литий кен орнында жүргізген барлау жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. 

- Мемлекет басшысы литий өндірісін жолға қоюдың, оны өңдеудің және дайын өнім шығарудың маңызды екенін атап өтіп, «шикізат орнына инвестиция мен технология» прагматикалық формуласына сай ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, - делінген Ақорданың ресми ақпаратында.


Фото: avatars.dzeninfra.ru

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)