admin
Жарияланды: 09:11, 08 февраль 2025
Басты / АЙДАРЛАР / Не жаңалық? / Киелі Алтай

ШҚО-да кәсіпкерлерді қонақжайлыққа үйретеді

Өңірімізде туризм және қонақжайлық саласында қызмет ететін кәсіпкерлерге арналған жаңа білім беру курсы іске қосылмақ. 

Бұл бастама Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің базасында (Лермонтов көшесі, 50) жүзеге асырылады, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Курстың негізгі мақсаты – қызмет көрсету сапасын арттыру және кәсіпкерлерге өз істерін заманауи талаптарға сай жүргізуге көмектесу.

«Қонақжайлылық» курсының оқыту бағдарламасына қонақүй және мейрамхана менеджменті, іскерлік этикет, мейрамхана ісі, бизнес-жоспарлау, сондай-ақ ұлттық тағамдарды дайындау және заманауи трендтерді зерттеу секілді маңызды пәндер енгізілген.

Оқыту форматы

Курс теория мен практиканы үйлестіре отырып өтеді. Теориялық сабақтар Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінде жүргізілсе, практикалық бөлім өңірдегі беделді мейрамханалар – «Регистан» және «Восток-Запад» базасында ұйымдастырылады.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар тестілеуден өтіп, арнайы сертификатқа ие болады.

 

Курстың шарттары

Оқу ақысы: 25 000 теңге.

Төлем шарт жасалғаннан кейін банк бөлімшелері немесе мобильді қосымшалар арқылы жүзеге асырылады. Қатысу үшін қалалық немесе аудандық әкімдіктерге өтінім беру қажет.

Қазіргі уақытта қалалар мен аудандардың әкімдіктері курстан өтуді қалайтын кәсіпкерлердің тізімін құрастыру жұмыстарын жүргізуде. Туризм және қонақжайлылық саласында кәсібін жетілдіруді мақсат еткен кәсіпкерлер үшін бұл – тамаша мүмкіндік!

Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті әкімдіктерге хабарласуға болады.


Фото: F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)