Басты / Не жаңалық? / АЙДАРЛАР
15 қыркүйекте карантин бастала ма?
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер мен маска кию режимі енгізіледі деген ақпарат таралып, жұртты дүрліктірді, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпараттың фейк екенін мәлімдеді.
- ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына беріледі. Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз , - делінген Телеграм-арнасындағы хабарламада.
Фото: weforum.org
Қатысты сілтемелер: