admin
Жарияланды: 14:00, 13 июнь 2024
Басты / Не жаңалық?

Қауіпті инфекция: ШҚО-да көкжөтел жиілеген бе?

Фото: doct.ru

Шығыс Қазақстанда балалар арасында көкжөтел жиілей бастаған көрінеді.

Облыс аумағында көкжөтелдің расталған 23 жағдайы тіркеліпті, деп хабарлайды F16.kz сайты.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек,  науқастардың көбі - 14 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде: 1 жасқа дейін - 3 бала, 5 жасқа дейін - 19 бала. Олардың барлығы Өскемен қаласының тұрғындары екен.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазинаның айтуынша, диагноз қойылған балалар өзіндік себептермен вакцинацияланбаған: екпе алатын жасқа толмаған немесе ата-аналары бас тартқан, т.с.с.  

Өткен жылы 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің үш жағдайы ғана тіркелген: Өскемен қаласы мен Күршім ауданында. Олар да вакцина алмағандар қатарынан екен. Демек, биыл көкжөтел жиілеп барады деп айтуға толық негіз бар. 


 

Фото: doct.ru

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)