Жаналықтар
Басшылардың атынан жалған парақшалар ашылып жатыр

Соңғы уақытта онлайн алаяқтар жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары атынан мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, түрлі мазмұндағы мәтіндік және дауыс хабарламаларын таратып жатыр. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Олар көбінесе қаржылай көмек көрсету немесе белгілі бір мәселелерді шешіп беру туралы өтініш білдіреді.
Сонымен қатар, азаматтардың жеке мәліметтерін алу мақсатында абоненттердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қатысы бар деген жалған ақпарат таратылуда.
Сіздерден алаяқтардың арандатуына ермеуді және мұндай жағдайлар орын алған кезде дереу құқық қорғау органдарына жүгінулеріңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды