F16.KZ
Жарияланды: 18:00, 08 апрель 2025
Жаналықтар

Кене энцефалиті: ШҚО-ның ең қауіпті аймақтары аталды

Көктемде адамдардың табиғат аясына шығып, таза ауамен тыныстап, серуендеуге ынтасы арта түседі. Алайда табиғатта демалудың қауіпті тұсы да бар. Ол – кене. Күн жылына бастағанда әдеттегідей кенеден келер қауіп те күшейеді, деп хабарлайды F16.kz.

Көктем мен жаз айлары табиғатқа серуендеуге, демалуға, таза ауамен тыныстауға тамаша уақыт. Алайда осы мезгілде адамдардың кене шаққаннан кейін түрлі жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі артатынына назар аударған жөн. Солардың ішіндегі ең қауіптісі – кене энцефалиті.

Кене энцефалиті – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, кене арқылы жұғатын жұқпалы вирусты ауру. Ауру кенелердің сілекейі арқылы адам денесіне вирус түскенде таралады. Бұл вирус бас миы мен жұлынды зақымдап, ауыр неврологиялық салдарға әкелуі мүмкін.

Аурудың негізгі жұғу жолы – кене арқылы.

БЕЛГІЛЕРІ

Кене энцефалитінің алғашқы белгілері тұмауға ұқсас: дене қызуы көтеріледі, бас аурады, бұлшық еттер ауырады, әлсіздік пайда болып, жүрек айниды.

Бірнеше күннен кейін екінші кезең басталып, орталық жүйке жүйесі зақымданады: қатты бас аурады, мойын сіресіп (иілмеуі) қалады, адамның ақыл-есі шатаса бастайды, денесі құрысып, сал (паралич) болып қалуы мүмкін

ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?

Табиғатқа шыққанда жабық киім киіп, шалбардың балағын шұлыққа салып жүру керек. Теріні кенеден қорғайтын репелленттерді қолдану, табиғаттан келген соң денені толық қарап шығу, кенені байқаған жағдайда оны дереу алып тастау қажет. Кенеге қарсы екпе салдыру(вакцина – алдын алудың ең тиімді жолы).

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАР ҚАЙСЫ?

Шығыс Қазақстан облысы аумағында кене энцефалитінің табиғи ошақтары Глубокое, Алтай, Катонқарағай, Самар, Үлкен Нарын, Ұлан, Шемонаиха аудандарында және Риддер, Өскемен қалаларының маңында орналасқан. Аталған аумақтарда кене қалың болады.

ЕСТЕ ҰСТАЙТЫН ЕРЕЖЕ

Кене энцефалиті аурушаңдығының алдын алудағы тиімді шаралардың бірі –иксодтық кенелермен күрес. Сондықтан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С.Слямғазина кене энцефалиті бойынша табиғи ошақтарда орналасқан шипажай-курорттық мекемелердің, жазғы сауықтыру ұйымдарының, базалар мен демалыс орындарының, сондай-ақ табиғат аясында жұмыс істейтін ведомстволардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы №44 бұйрығымен бекітілген санитариялық ереженің талаптарын орындау қажеттілігі туралы хабардар етеді. Атап айтқанда:

Табиғи ошақтарда жұмыс істейтін қызметкерлерді арнайы қорғаныш киімдерімен, репелленттермен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету; 

Қызметкерлерге кене энцефалитінің алдын алу жөнінде нұсқаулықтар өткізу;

Көктем басталысымен кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу;

Демалушылар келмес бұрын, нысанның аумағында және кемінде 100 метр радиусында тазарту, абаттандыру жұмыстарын жүргізу;

Ағаштарды санитарлық кесу, бұтақтарды, қалдықтарды тазарту, шөп шабу, жолдарды кеңейту;

Маусым бойы нысанды таза ұстау;

Туристік бағыттарда жолдың екі жағынан кемінде 50 метр аумақты тазарту және өңдеу;

Нысанға үй жануарларын кіргізбеу;

Дератизация жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу.


Фото: gmsclinic.ru

 

 

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде