F16.KZ
Жарияланды: 20:23, 08 апрель 2025
Жаналықтар

Жасанды интеллект: ғылымдағы жаңа мүмкіндіктер

Биылғы 10 сәуірде Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да  профессор Жеңіс Құлсейітовтің 80 жылдығына орай «Жастар  шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты ХІ халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтеді. Оған студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар қатысады, деп хабарлайды F16.kz. 

Ондағы мақсат – жас зерттеушілерге жан-жақты қолдау көрсету, олардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамыту, білім мен тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар орнату, инновациялық белсенділікті ынталандыру және ғылыми жетістіктерді сынақтан өткізу. Бұл шара жас ғалымдардың халықаралық ғылыми қауымдастыққа интеграциялануына және заманауи ғылыми білімдерді ілгерілетуге ықпал етеді.

Конференция көптеген бағытты қамтиды, соның ішінде жасанды интеллектің қазіргі заманғы инженерияға әсері, оның құрылыс пен сәулет салаларындағы қолданылуы, энергетикадағы жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ Жер ғылымындағы жасанды интеллектің рөлі, оның дамуындағы өзекті құбылыстар мен болашағы. Ерекше назар қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси сын-қатерлеріне, тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға аударылады.

Конференция қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өтеді.

Профессор Женіс Оразханұлы Құлсеитов – өмірінің 50 жылдан астам уақытын Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне арнаған ғалым.

Фото: gov.kz

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба