F16.KZ
Жарияланды: 10:23, 09 апрель 2025
Жаналықтар

Су тасқыны: гидротехникалық нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, гидротехникалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуі басты назарға алынған. Дегенмен өңірдегі бірнеше су қоймасында апатты жағдайлар анықталды, деп хабарлайды F16.kz.

Бұл жөнінде «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары Дәулет Жанысов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім етті. Оның айтуынша, аймақта көктемгі тасқынға дайындық аясында су қоймалары мен каналдарға тиісті жұмыстары жүргізіліп, маңызды нысандарды қайта жаңғырту бойынша жоспар әзірленді.

Облыстық филиалдың иелігінде үш су қоймасын, жеті гидроторапты және 43 магистралды канал бар. Қазір жағдай тұрақты. Су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істеп тұр, ал су деңгейі тәулік бойы бақылауда.

Ең маңызды іс-шаралар – төтенше жағдайлар департаменті және Ертіс бассейндік инспекциясының қызметкерлерімен бірге су шаруашылығы нысандарын тексеру болды. Тексеру барысында Үйдене және Қандысу су қоймаларындағы апатты жағдайлар анықталып, сондай-ақ Ұлан өзеніндегі су қоймасы  (Алебастр) қанағаттанарлықсыз жағдайда деп есептелді. Үйденені қайта жаңарту үшін жоба әзірленіп, жақын арада мемлекеттік сараптамадан өтеді, — деді Дәулет Жанысов.

Бұдан бөлек жалпы ұзындығы 26 шақырым болатын тоғыз магистралды канал механикалық тазартудан өтті, бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Былтыр ұзындығы 386,9 шақырым болатын үш гидроторап пен 31 магистралды каналдың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге шарттар жасалды.

Материалдық-техникалық базаны жаңартуға ерекше көңіл бөлінген. Былтыр инвестициялық бағдарлама аясында бірнеше техника сатып алынды, тағы 18 техника алу жоспарда бар. Бұл тосыннан келер қауіп-қатер кезінде жедел әрекет етуге және су ресурстарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Су шаруашылығы нысандарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық су қоймаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Олардың жағдайы туралы ақпарат құзырлы органдарға уақтылы жеткізіліп тұрады.

Фото: F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде