F16.KZ
Жарияланды: 12:28, 09 апрель 2025
Жаналықтар / Басты

Астанаға Дженнифер Лопес келеді: әйгілі әншінің концертінен не ұтамыз?

Астанаға әйгілі Дженнифер Лопес келеді. Бұл туралы отандық БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарыса жазып жатыр. Әлемдік деңгейдегі мегажұлдыздың сапарынан Қазақстан не ұтады? Қарапайым халыққа келіп-кетер қандай пайда бар? Бұл сұрақтардың жауабын F16.kz редакциясы іздеп көрді.  

Жуықта өткен үкімет отырысында «Астана концерт» компаниясының продюсері Малик Хасенов туризмді дамытуға бағытталған ірі жобаларды таныстырды. Солардың бірі биылғы 1 тамызда «Астана арена» стадионында өтетін Дженнифер Лопестің концерті.  

Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азияда тарихи оқиға деуге болатын ерекше жобаны таныстырайын. 1 тамызда «Астана Арена» стадионында әлемге танымал әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді, ол толығымен коммерциялық негізде ұйымдастырылады. Шетелдік әншінің келуі Астананы әлемдік гастрольдік картасына енгізетін ерекше оқиға болады, – деді Малик Хасенов.

ШЕТЕЛДЕН 15 МЫҢ ТУРИСТ КЕЛЕДІ

Ұйымдастыру алқасының мәліметінше, концертке 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп болжанып отыр. Қала бюджетіне жалпы сомасы 6,5 миллиард теңге көлемінде қаражат түседі. Концертті өткізуден түсетін салық түсімдері 400 млн теңгеден асады.

Ондағы негізгі мақсат – Астананы Орталық Азияның іс-шаралар туризмінің басты орталығына айналдыру, – деп атап өтті Малик Хасенов.

Жоба үкімет тарапынан қолдау тапты. 

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ

Кейінгі жылдары шоу-бизнес өкілдерінің қаланың, тіпті тұтас бір мемлекеттің экономикалық көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін бола бастағаны рас. Өйткені ХХ ғасырдың екінші жартысынан экономика постиндустриалды сипатқа ие бола бастады және бұл үрдіс жыл сайын күшейіп келеді.

Бұрын экономика негізінен өнеркәсіп өндірісі арқылы дамыса, қазір әлем елдерінің жалпы ішкі өнімінде қызмет көрсету саласының да үлесі арта түскен. Ал бұл саланың маңызды бағыты – шоу-бизнес индустриясы. Қызмет көрсету саласының әлемдік экономикадағы орташа үлесі қазірдің өзінде 54%-дан асты. Жалпы, әлемдік жұлдыздардың концерті экономиканың әртүрлі секторларына әсер ететініне бірнеше мысал келтірсек.

АДЕЛЬДІҢ КОНЦЕРТІ 

2024 жылы тамызда әйгілі әнші Адель кейінгі сегіз жылда алғаш рет сахнаға шығып, Мюнхенде 10-ға тарта концерт өткізді. Бұл концерттерден қала бюджетіне 540 млн еуро қаражат түсіп, оның өнерін 750 мыңнан астам адам тамашалады.

Bloomberg Economics сарапшыларының есебінше, әйгілі әнші Тейлор Свифтің былтыр өткен The Eras Tour атты концерттік турынан АҚШ-тың ішкі жалпы өніміне 4,3 млрд доллар көлемінде қаржы қосылған.

Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар қонақ үй, мейрамхана, көлік қызметі және басқа да қызмет көрсету салаларына сұранысты арттырып, уақытша жұмыс орындарын ашуға түрткі болған. Билет сатудан ғана емес, сонымен қатар тамақтану, тұру және мәдени іс-шаралардан да табыс түседі.

Әлемдік мегажұлдыздардың қатысуымен өтетін концерттер қаланың имиджіне оң әсер етіп, оны мәдени және туристік орталық ретінде тартымды етеді. Бұл ұзақ мерзімді перспективада халықаралық іс-шаралар мен туристерді одан әрі көптеп тартуға септігін тигізуі мүмкін.

ТАЯҚТЫҢ ЕКІ ҰШЫ БАР

Бірақ сарапшылар таяқтың екі ұшы бар екенін ұмытпау керек дейді. Шоу-бизнес өкілдерінің концерті кезінде ауадан ақша жасағысы келетін алыпсатарлар да көбейетінін ескертеді. Сондай-ақ қызмет көрсету саласы да мүмкіндікті пайдаланып қалу үшін бағаны аспандатып жіберуі ықтимал. Ондай мысал әлем елдерінің тәжірибесінде бар.

2023 жылы 11-12 мамыр күндері Бейонсе Швеция астанасы Стокгольмде екі концерт өткізді. Danske Bank экономистерінің есебінше, бұл концерттер елдегі инфляцияға кері әсер еткен. Әншінің өнерін тамашалау үшін Швецияға дүниенің түкпір-түкпірінен туристер ағылған. Қонақтар тарапынан туындаған жоғары сұранысты ескерген жергілікті кәсіпкерлер қонақ үй, мейрамхана, көлік және басқа да қызметтердің бағасын күрт өсірген. Яғни, Швецияның орталық банкі 2023 жылдың мамыр айында инфляция 8,1% деңгейінде болуы керек деп алдын ала болжаған, бірақ бұл көрсеткішкерісінше 8,2%-ға өсіп кеткен. Бұған Бейонсенің концерті әсер етті дейді экономистер.

Сарапшылардыңпікірінше, бұған дейін Астанада өткен әлемдік деңгейдегі мәдени шаралар кезінде бағаның қалай құбылғанын ескерсек, Дженнифер Лопестің концерті елордалықтарғақосымшатабыспен қатар қымбатшылық та әкелуі мүмкін. 

Фото: @ onthejlo



Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде