F16.KZ
Жарияланды: 14:08, 09 апрель 2025
Жаналықтар

Сенімнің күші – қамқорлықта. Бір мектептегі өзгеріс

Биылғы қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдерді өз қамқорлығына алды. Осылайша «Күш – бірлікте» көшбасшылар клубы пайда болды, деп хабарлайды F16.kz

Бұл клуб 7–8-сыныптардың 23 оқушысын спортқа, шығармашылыққа, бірлескен істерге жұмылдырды. Нәтижесі көп күттірмеді. Үш айдың ішінде бұрын тәртіп бұзып, сабағына салғырт қарап, ортасына жұғымы болмай жүретін балалар күрт өзгеріп, белсенді, шығармашыл, өнерге құштар, білімге әуес жеткіншектерге айналды.   

ПРОКУРОР МЕКТЕПТЕ

Тағы бір ескеретін жайт – прокурор ресми жиындармен шектеліп қалмады. Ол негізгі жұмысынан қолы қалт еткенде мектепке барып, балалармен әңгімелесті, теннис және басқа спорт ойындарын ойнады, өмірлік тәжірибесін үйретті. Өскелең ұрпаққа дәл осындай қарапайым да шынайы қарым-қатынастың әсері ерекше болғаны рас. Олар жанында көмектесуге дайын ересектер барын ұғынды.

Ал бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мектеп директоры мен мұғалімдердің қосқан үлесі көп. Балаларға қолайлы орта қалыптастырды.
Оқушылар өз күшімен мектеп қабырғасында «Наурыз – мейірім мен бірліктің мерекесі» атты шараны ұйымдастырып, әр жасөспірімге қажетті дүние бір ғана мүмкіндік пен оған деген сенім екенін дәлелдеді.

Жеке өзімнің ойым: ересектер шынайы қамқорлық көрсеткенде –балалар ғана өзгермейді, өзіміз де түбегейлі трансформацияға ұшыраймыз. Себебі жүректегі ізгілікке, мейірімге деген сеніміміз жаңғырады. «Мәселесі көп» деп жүрген бұл жеткіншектер, шын мәнінде, бізден тек түсіністік пен ықыласты күтеді.

АУДАННАН АСЫП ӨҢІРГЕ ТАРАТЫЛМАҚ

Бүгінгі таңда клуб мүшелері өз мектебінің көшбасшыларына айналды. Ал «Күш - бірлікте» бастамасы алдымен аудан деңгейінде, кейін бүкіл өңірде таратылмақ. Бұл тәжірибе шынымен шабыттандырады. Болашақта мықты ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, ең алдымен оларға өзінің қажет екенін сезіндіру керек. Қорқытып емес, қолдау арқылы, бұйырып емес, көңіл бөлу арқылы жеткізу керек.

Жобаның жетістігі ескеріліп, оны басқа өңірлерде де жүзеге асыруды тапсырдым. Ол жақта да прокурорлар нақты мектептерге қамқорлық жасап, әр баланың бойындағы әлеуетті оятуға атсалысады. Заң өкілі ретінде біз лайықты ұрпақ қалыптастыру – баршамыздың ортақ парыз екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан осы жауапкершіліктің бір бөлігін мойнымызға алуға дайынбыз. Себебі жастарды қолдау – тұтас елдің болашағына жасалған ең ұтымды инвестиция.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөзіне сүйенсек: «Жастар – жарқын болашаққа деген барлық үмітіміздің бейнесі».

Міне, осындай жаңа бастамалар арта түссе екен дейміз. Өйткені қуатты мемлекеттің іргетасы – ең алдымен сенімге ие, сыйлы және үні естілген жас буын.

Берік Асылов, 

Қазақстан Республикасының бас прокуроры

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде