Жаналықтар / АЙДАРЛАР / Басты
Тасжолдар тасқынға дайын ба?

ШҚО-да қазіргі күнге дейіін 437 көпір мен 4853 су өткізу құбыры тазартылып, су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілді.
Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрбек Тұраров айтты.
– Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардан су тасқыны кезеңіне дайындалды. Жалпы облыс жолдарында және елді мекен көшелерінде 782 техника бірлігі бар. Атап айтқанда республикалық маңызы бар жолдарда 100 техника бірлігі, облыстық маңызы бар жолдарда 119 техника бірлігі, аудандық әкімдіктердің қарамағында 563 техника бірлігі дайын, - деп атап өтті Нұрбек Тұраров.
Тасқын кезеңіне дайындық аясында 10 су өткізу құбыры жөнделіп, кеңейтілген. Құм, тас және топырақ қоры, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Төтенше жағдайға дайындық үшін жедел топтар құрылып, жауапты тұлғалар бекітілді. Диспетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс істейді.
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы